Ашық диалог және кері байланыс
Бас дәрігердің блогына қош келдіңіздер!
Сіздермен осы цифрлық алаң арқылы тікелей байланыс орнату мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласы мен медициналық білім беру жүйесі қарқынды өзгерістер кезеңінен өтуде. Осы үдерісте сапалы білім, заманауи медициналық технологиялар, кәсіби біліктілік және адамға деген жауапкершілік – басты құндылықтарымыз болып қала береді.
Бұл блог – ашық пікір алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға, ұсыныстар мен бастамаларды ортаға салуға арналған ортақ алаң. Мұнда сіздер өз сұрақтарыңызды қойып, ұсыныстарыңызды білдіріп, университеттің клиникалық және медициналық қызметін жетілдіруге қатысты пікірлеріңізбен бөлісе аласыздар.
Блог Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 63-VII Әкімшілік-рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес азаматтармен кері байланысты қамтамасыз ету және мекеме қызметінің ашықтығын арттыру мақсатында құрылды.